«Курчатов қалалық мәслихаты аппараты» ММ «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

«Курчатов қалалық мәслихаты аппараты» ММ-сі, 180010, Абай облысы, Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 4. тел. 8 (72251) 3-40-66, электрондық пошта maslihat.kurchatov@akimatabai.gov.kz (бір файл өлшемі 30 Мб-тан артпауы тиіс), «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

бас маман, (санаты «E-4») (1 бірлік) (№ 01-3). Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына қарай  226837 теңгеден 260564 теңгеге дейін. (А функционалдық блогы).

         Функционалдық міндеттері:

Нормативтік құқықтық актілер (мәслихат шешімдері), мәслихаттың тұрақты комиссиясы қаулыларының, сессия төрағасы шешімдері жобаларының заңнама талаптарына сәйкестігіне заңдық сараптама жүргізеді, қажеттілігіне қарай парақтарды парафирлеуді жүргізеді.

Нормативтiк құқықтық актiлердiң мониторингiн жүзеге асырады, тиiстi құжаттаманы жинақтайды, уәкiлеттi органдарға мониторинг нәтижелерi туралы есеп ұсынады және мәслихаттың заңға қайшы нормативтiк құқықтық актiлерiн заңға сәйкестендіру бойынша шараларды қабылдайды.

Мәслихат шешімдерінің, мәслихаттың тұрақты комиссиялары қаулыларының, мәслихат төрағасы өкімдерінің жобаларын әзірлеу кезінде мәслихаттың қызметкерлері мен депутаттарына құқықтық көмек көрсетеді.

Мәслихаттың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды әзірлейді.

«Курчатов қалалық мәслихатының аппараты» ММ мүддесін қалалық сотта және басқа да сатылардағы соттарда білдіреді.

Прокуратураның наразылықтары мен ұсыныстары, Абай облысы Әділет департаментінің ұсыныстары бойынша жұмыстарды жүргізеді.

Қажеттілігіне қарай, мәслихаттың тұрақты комиссияларына көпшілік тыңдауды ұйымдастырады.

Жеке еңбек шарттарын және қызметкерлердің материалдық жауапкершілігі туралы шарттарды жасайды.

Азаматтардың өтiнiштерiн есепке алу және өңдеуді жүзеге асырады, оларға белгіленген мерзімде уақтылы жауаптар береді, оның iшiнде e-otinish жүйесiнде.

Курчатов қаласы  прокуратурасымен және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Абай облысы бойынша басқармасымен салыстыру актісін жүргізеді.

Мәслихаттың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қаланың Әділет органдарымен және прокуратурасымен өзара қарым – қатынас орнатады.

Мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі, депутаттық өкілдік және әдеп мәселелері жөніндегі  тұрақты комиссиясына кеңесшілік және кураторлық көмек көрсетеді.

Курчатов қалалық мәслихатының нормативтік құқықтық актілерінің тіркелімін жүргізеді.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсының (ЭПИРГО) толықтырылуы бойынша мониторингті жүзеге асырады.

Ашық нормативтік құқықтық актілер порталында нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ескертулерге жауап береді.

Ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша ішкі мониторингті және үйлестіруді жүзеге асырады.

Мәслихат қызметін құқықтық қамтамасыз ететін тапсырмаларды, өзге де міндеттерді орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: бизнес, басқару және құқық (құқық); бизнес, басқару және құқық (құқық және/немесе заңгер). Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысушыларға жалпы талаптар:

Мынадай құзыреттердің бар болуы: Күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар 180010, Абай облысы, Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 4, мекенжайы бойынша «Курчатов қалалық мәслихаты аппараты» ММ-не құжаттарды қолма-қол, пошта арқылы немесе олардың электрондық көшірмелерін конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілері, maslihat.kurchatov@akimatabai.gov.kz электрондық пошта мекенжайы арқылы мынадай құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу Қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының нотариат куәландырған көшірмелері;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі. «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі. Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді. Мемлекеттік қызметшілер және теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, адам мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа және сайлауға қатысуға құқылы.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін аталған тұлғалар келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша тиісті персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) құжаттар ұсынылған күнге дейін күнтізбелік отыз күн ішінде куәландырылған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі. Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.

Бұл ретте мемлекеттік қызметшілер «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды  тапсыра алады. Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді. Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде ұсынған кандидаттарға қолхат электрондық түрде құжат ұсынылған электрондық пошта мекенжайларына, ақпараттандыру объектілерімен жіберіледі.

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оған әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар еткен күннен бастап 3 жұмыс күн ішінде Абай облысы, Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 4. мекенжайында өтеді. Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде ұсынылуы қажет.

Шағым жасау туралы ақпарат:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссияның, персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасауға құқылы.

Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.

Әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне жібереді.

Бұл ретте әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне жібермеуге құқылы.

Конкурс комиссиясының әкімшілік актісіне қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей шағым беру немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның әкімшілік актісіне шағым беру уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің Қағиданың 103-1 тармағына сәйкес келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін әкімшілік актінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Жалпы конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.

Анықтама алу үшін мынадай телефондарға хабарласуға болады: 8 (72251) 3-40-66, e-mail: maslihat.kurchatov@akimatabai.gov.kz

«Курчатов қалалық мәслихаты аппараты» ММ «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
Дата публикации
28 мая 2024