GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Конституциялық Сот туралы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Аппарат туралы
Все материалы
Сұрақтар
21 октября 2026
Үкіметтің қаулысына, министрдің бұйрығына немесе өзге де нормативтік құқықтық актіге дау айтуға бола ма?

Азамат дау айтып отырған акт лауазымды адамның жеке шешімі (актісі) болмауы тиіс.

Мұндай акт Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңында көзделген нормативтік құқықтық акт болуы тиіс. Бұл ретте Конституциялық Сотқа жүгінудің жол берілетіндігіне қойылатын талаптар сақталуы қажет.

Халықаралық ынтымақтастық
20 октября 2026
Қазақстанда конституциялық сот төрелігіне сарапшылардың қатысуы дамытылуда

19 қазанда Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотында Amicus Curiae («Сот досы») институтын дамытуға және құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған «Конституцияның үстемдігі: заңдылық мәдениеті және құқықтық сана» жобасының қорытындысы шығарылды.

Жоба Қазақстандағы Нидерланд Корольдігінің Елшілігімен, «Сана Сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» қоғамдық бірлестігімен, сондай-ақ Германияның халықаралық құқықтық ынтымақтастық қорымен (IRZ) бірлесіп іске асырылды. Қорытынды іс-шараға мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, заңгерлік және академиялық қауымдастықтардың, адвокатура мен азаматтық қоғамның өкілдері қатысты.

Жобада қаралып жатқан істер бойынша сотқа тәуелсіз сараптамалық қорытындылар ұсынуды көздейтін Amicus Curiae институтына ерекше назар аударылды. Бұл институт құқықтық дәлелдердің аясын кеңейтуге, ғылыми және кәсіби көзқарастарды ескеруге, сондай-ақ конституциялық-құқықтық мәселелерді тереңірек талдауға мүмкіндік береді. Мұндай қорытындылар ұсынымдық сипатта болып, сот шешімін алдын ала айқындамауға тиіс.

Іс-шарада сөз сөйлеген Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова конституциялық сот ісін жүргізуге тәуелсіз, объективті және кәсіби сарапшылардың қатысуының, ғылыми-кеңес жұмысын дамытудың және конституциялық қағидаттарды дәйекті түрде іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Жобаның негізгі бағыттарының бірі мамандарды практикалық даярлау болды. Алматы, Түркістан және Өскемен қалаларында заңгерлерге, ғалымдар мен азаматтық қоғам өкілдеріне арналған конституциялық-құқықтық талдау жүргізу және сараптамалық қорытындылар әзірлеу бойынша тренингтер ұйымдастырылды. Amicus Curiae Challenge байқауында еліміздің әр өңірінен қатысқан заң мамандығының студенттері практикалық құқықтық міндеттерді шешу барысында алған білімдерін қолданды. Байқау жеңімпазы атанған команда – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері.

Қорытынды іс-шара аясында ұлттық және халықаралық сарапшылардың қатысуымен жаңа Конституцияны іске асыру және конституциялық сот төрелігінде Amicus Curiae институтын қолдану мәселелеріне арналған тақырыптық сессиялар да өтті. Қатысушылар сараптамалық қорытындылар әзірлеу тәжірибесімен алмасып, конституциялық заңдылықты нығайту мен адам құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелерін талқылады.

Жоба білім беру мен практикалық жұмысты ұштастырып, кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға және жас мамандарды конституциялық сот төрелігі мәселелерін талқылауға тартуға ықпал етті.

Сұрақтар
20 октября 2026
Заңның жекелеген бабына немесе ережесіне дау айтуға бола ма?

Азамат нормативтік құқықтық актіге, оның нормасына немесе жекелеген ережесіне, егер олар өзінің конституциялық құқықтары мен бостандықтарына тікелей қатысты болса, дау айта алады. Бұл ретте Конституциялық Сотқа жүгінудің жол берілетіндігіне қойылатын талаптар сақталуы тиіс.

Халықаралық ынтымақтастық
20 октября 2026
Қазақстанның Конституциялық Соты Болгариядағы халықаралық конференцияға қатысты

2026 жылғы 15 қазанда София қаласында (Болгария Республикасы) Болгария Республикасы Конституциялық Сотының 35 жылдығына арналған «Құқықтық мемлекетті қамтамасыз етудегі конституциялық соттардың рөлі» тақырыбында халықаралық конференция өтті.

Халықаралық форумға Қазақстан атынан Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары Қайрат Жақыпбаев пен Аслан Түкиев қатысты. Олар шетелдік әріптестерін 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстанның жаңа Конституциясының негізгі ережелерімен және конституциялық бақылаудың ұлттық моделінің ерекшеліктерімен таныстырды.

Конференцияға Еуропа, Азия және Африканың 30-ға жуық мемлекетінің конституциялық бақылау органдарының, сондай-ақ Еуропа Кеңесінің Венеция комиссиясының, Еуропалық Одақ Сотының және Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың өкілдері қатысты.

Қатысушылар конституциялық соттардың тәуелсіздігі, олардың шешімдерін орындау, Конституцияның үстемдігін нығайту, сондай-ақ адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Форум конституциялық сот төрелігінің өзекті мәселелері бойынша тәжірибе және пікір алмасуға мүмкіндік берді. Қазақстандық делегацияның қатысуы кәсіби диалогты дамытуға және шетелдік конституциялық бақылау органдарымен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.

Сұрақтар
19 октября 2026
Азамат Конституциялық Сотқа жүгінбес бұрын алдымен сотқа жүгінуі керек пе?

Азаматтың Конституциялық Сотқа жүгінуі үшін дауланып отырған немесе өзге де нормативтік құқықтық акт құқықтары мен бостандықтары қозғалған адамның қатысуымен қаралған нақты іс бойынша сотта қолданылуы және сол іс бойынша апелляциялық сатыдағы соттың заңды күшіне енген сот актісі болуы қажет.

Конституциялық Сот заңда көзделген сот рәсімдерін жүзеге асырмайды.

Халықаралық ынтымақтастық
16 октября 2026
Қазақстандағы конституциялық реформа: Еуропаның құқықтық институттарымен диалог

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты шетелдік әріптестерін конституциялық реформаның негізгі ережелерімен және Қазақстандағы конституциялық бақылаудың ұлттық моделінің ерекшеліктерімен таныстыра отырып, елдің конституциялық дамуы мәселелері бойынша халықаралық диалогты жалғастыруда. Мұндай іс-шаралар шетелдік құқықтық институттармен кәсіби байланыстарды нығайтуға ғана емес, сонымен қатар құқықтық және қоғамдық мәдениетті қалыптастыруда маңызды рөл атқаратын конституциялық қағидаттар мен құндылықтарды ілгерілетуге де ықпал етеді.

2026 жылғы 10-14 қазан аралығында Конституциялық Соттың судьясы Аслан Түкиевтің Италия Конституциялық Сотына, сондай-ақ әкімшілік сот төрелігін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар – Италияның Мемлекеттік кеңесі мен Грекияның Мемлекеттік кеңесіне жұмыс сапары өтті.

Сапар жария құқық саласындағы білім беру және ғылыми-зерттеу бағдарламалары, мамандар даярлау және халықаралық құқықтық тәжірибе алмасу арқылы кәсіби құзыреттерді дамытуға, сондай-ақ құқық үстемдігін нығайтуға, адам құқықтарын қорғауға және демократиялық институттарды жетілдіруге маманданған халықаралық ұйым – Еуропалық жария құқық ұйымының (EPLO) қолдауымен ұйымдастырылды.

Сапар барысында Аслан Түкиев Грекия Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Михаил Пикраменоспен, Италия Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Луиджи Маруоттимен, сондай-ақ Италия Конституциялық Сотының судьяларымен кездесті.

Сұрақтар
16 октября 2026
Конституциялық Сотқа жүгіну үшін қандай шарттар сақталуы қажет?

Дауланып отырған нормативтік құқықтық акт азаматтың қатысуымен қаралған нақты іс бойынша сотта қолданылуға, оның конституциялық құқықтары мен бостандықтарына тікелей әсер етуге тиіс. Сонымен қатар, іс бойынша апелляциялық сатыдағы соттың заңды күшіне енген сот актісі болуы қажет.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының «Конституциялық Соты туралы» Конституциялық заңының 45-бабында көзделген өтініш беру мерзімі мен жол берілетіндігінің өзге де талаптары сақталуы тиіс.

Халықаралық ынтымақтастық
16 октября 2026
Конституциялық Сот Аппаратының қызметкерлері Азия конституциялық соттары қауымдастығының Жазғы мектебінде білім алды

2026 жылғы 4-9 қазан аралығында Түркия Республикасында Азия конституциялық соттары және оларға теңестірілген институттар қауымдастығының (АACC) «Құқықтар мен бостандықтарды шектеудің негізгі қағидаттары» тақырыбындағы XIV Жазғы мектебі өтті.

Түркия Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Кадыр Өзкаяның бастамасымен және қолдауымен Қауымдастықтың Адами ресурстарды оқыту және дамыту орталығы базасында ұйымдастырылған іс-шараға 39 елден 74 қатысушы, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жазғы мектеп жұмысына Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының қызметкерлері – Өтініштерді бастапқы қарау және қабылдау бөлімі Құжаттамалық қамтамасыз ету секторының меңгерушісі М. Төлендиева және Халықаралық ынтымақтастық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты А. Нұрушева қатысты.

Іс-шара бағдарламасы аясында конституциялық бақылау органдары мен жоғары сот органдары өкілдерінің баяндамалары тыңдалып, сарапшылық талқылаулар өткізілді және адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы ұлттық тәжірибе алмасу ұйымдастырылды.

Тақырыптық сессия барысында қазақстандық қатысушылар Қазақстан Республикасында адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеудің конституциялық қағидаттары туралы таныстырылым жасады. Онда адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін нығайтуға бағытталған жаңа Конституцияның ережелері, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларын ескере отырып, құқықтар мен бостандықтарды шектеудің жол берілетін шектеріне қойылатын конституциялық талаптар баяндалды.

Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етудегі және конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қорғаудағы Конституциялық Соттың рөліне, оның ішінде нормативтік құқықтық актілердің конституциялылығын тексеру арқылы жүзеге асырылатын қызметіне ерекше назар аударылды.

Жазғы мектепке қатысушылар ұлттық конституциялық нормаларды қолдану тәжірибесімен алмасып, құқықтар мен бостандықтарды шектеудің жол берілетін шектерін айқындау тәсілдерін, сондай-ақ адам құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттарын іске асыру мәселелерін талқылады.

Іс-шара қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының өкілдеріне XIV Жазғы мектепке қатысқаны және оның табысты өтуіне қосқан үлесі үшін Түркия Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының атынан сертификаттар табысталды.

Сұрақтар
15 октября 2026
Азаматтың Конституциялық Сотқа жүгінуі үшін қандай талаптар сақталуы қажет?

Азаматтың өтініші жол берілетін болу үшін мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:

  1. дауланып отырған заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт өтініш субъектісінің қатысуымен қаралған нақты іс бойынша сотта қолданылған және оның құқықтары мен бостандықтарына тікелей әсер еткен, сондай-ақ іс бойынша апелляциялық сатыдағы соттың заңды күшіне енген сот актісі қабылданған болуы қажет;

  2. өтініш апелляциялық сатыдағы сот актісі қабылданған күннен бастап бір жылдан кешіктірілмей берілуге тиіс;

  3. өтініш субъектісінің өз құқықтары мен бостандықтарының бұзылғанын көрсететін белгілер болуға тиіс.

Сұрақтар
14 октября 2026
Азаматтардың атынан Конституциялық Сотқа басқа тұлғалар жүгіне ала ма? Азаматтың Конституциялық Соттағы өкілі кім бола алады?

Азаматтардың өтініштерін қарау кезінде олардың өкілдері ретінде тек заңды өкілдер, адвокаттар, заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын заң консультанттары, сондай-ақ заңмен, жарғымен немесе ережемен осы ұйымдардың мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін, өзге де тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті тұлғалары ғана бола алады.

Социальные сети
Facebook
Twitter
Instagram
Youtube
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы