
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
12 наурызда Венецияда (Италия) Еуропа Кеңесі жанындағы Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссиясының (Венециандық комиссия) бастамасымен ұйымдастырылған трансұлттық маңызы бар конституциялық стандарттарды зерттеуге арналған Венеция конференциясы өтті.
Бұл шара Венециандық комиссиясының құрылғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Конференцияға әлемнің 30-дан астам елдерінен, соның ішінде Германия, Израиль, Испания, Косово, Франция, Солтүстік Македония, Польша, АҚШ, Чехия, Қазақстан, Қырғызстан және басқа елдерден конституциялық соттар мен оларға эквивалентті органдардың делегациялары қатысты.
Қазақстан делегациясы атынан Конституциялық Сот Аппаратының талдау бөлімінің меңгерушісі Эльмира Калиева конференцияға қатысты.
Конференцияға қатысушылар өз сөздерінде конституциялық соттардың тежемелік және тепе-теңдік жүйесіндегі жетекші рөлі және конституциялық стандарттардың демократиялық институттардың дамуына оң әсерін тигізетіні туралы ортақ пікір білдірді.
https://iacl-aidc.org/en/events/forthcoming-events/venice-conference