КС Аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне профилактикалық шара өткізілді

КС Аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне профилактикалық шара өткізілді

Конституциялық Сот Аппаратында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика стандарттарын сақтау мәселелері бойынша профилактикалық шара өткізілді.

Шараның бастамашысы Конституциялық Сот Аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Салтанат Нұрымбетова болды.

Кездесу барысында Әдеп жөніндегі уәкіл мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің өкілдері қызметтік этика қағидалары және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген, қоғамдық тәртіп пен адамгершілікке нұқсан келтіретін әкімшілік құқық бұзушылықтар жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Шараның мақсаты – заң бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік қызметте этикалық нормаларды сақтау мәдениетін қалыптастыру. Бұл Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңының 49-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.