Қолайлы қоршаған орта – адам құқықтарының сақталуының кепілі

Қолайлы қоршаған орта – адам құқықтарының сақталуының кепілі

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz  

 

Ташкентте Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің бастамасымен ұйымдастырылған «Таза, салауатты және тұрақты қоршаған орта – адам құқықтарының сақталуының кепілі» атты халықаралық конференция өтті.

Халықаралық конференцияға Өзбекстан Республикасының және шет мемлекеттердің мемлекеттік органдары мен азаматтық ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Қазақстан тарапынан онлайн форматта Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы қатысты.

Конференцияның барлық қатысушылары адамның тұрақты дамуы мен оның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын іске асыру үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Эльвира Азимова азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелеріндегі конституциялық сот төрелігінің рөлі мен конституциялық бақылаудың қазақстандық практикасы, сондай-ақ адам құқықтары жөніндегі уәкілдің конституциялық іс жүргізуге қатысуы туралы айтып берді.