Конституциялық Сот Әскери қызметшілердің еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларын тексерудің жол берілген шарттарын анықтаған жоқ

Конституциялық Сот Әскери қызметшілердің еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларын тексерудің жол берілген шарттарын анықтаған жоқ

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz  

Конституциялық Сотқа азаматтардан Үкіметтің 2023 жылғы 29 тамыздағы №733 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларының 2 тармағы 13) тармақшасының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтініш келіп түсті.

Азаматтардың пікірінше, Қағидалар кеден органдарын құқық қорғау органдарынан шығару арқылы оларды құқық қорғау органдары қызметкерлерінің зейнетақысын алу құқығынан айырған.

Конституциялық Сот алдын ала зерделеу қорытындысы бойынша Қағидаларда көрсетілген ерекшелік Әлеуметтік кодекстен және тиісті Заңнан туындайтынын көрсетті. Демек, Қағидалардың Конституцияға сәйкестігін тексеру үшін құқықтық негіздер жоқ.