Конституциялық Сот Тұрғын үй қатынастары туралы заң нормаларын тексерудің жол берілген шарттарын анықтаған жоқ

Конституциялық Сот Тұрғын үй қатынастары туралы заң нормаларын тексерудің жол берілген шарттарын анықтаған жоқ

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz  

Конституциялық Сотқа Ауғанстанда болған ұрыс қимылдарының ардагерлері болып табылатын азаматтар «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 13-бабы 8-тармағының 5) тармақшасының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішпен жүгінді.

Өтініш жолдауға 1994 жылы Қазақстан ратификациялаған Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары үшін жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара тану туралы келісімге сілтеме жасай отырып, олардың азаматтардың меншігіне өтеусіз тұрғын үй алуға қойылатын талаптары себеп болды. Конституцияға сәйкес ратификацияланған халықаралық шарттар заңдарға қарағанда басымдыққа ие.

Судьялар алдын ала зерделеу нәтижелері бойынша Келісімде қатысушы мемлекеттердің азаматтардың көрсетілген әлеуметтік санаты үшін меншігіне өтеусіз тұрғын үй беру жөніндегі міндеттемелері туралы ережелер көзделмегені анықталды. Заң мен Келісім арасында қайшылық жоқ. Нәтижесінде, заңның Конституцияға сәйкестігін тексерудің жол берілген шарттары анықталған жоқ.