Құқық үстемдігі демократия жолында және адам құқықтарын тиімді қорғауда шешуші рөл атқарады

Құқық үстемдігі демократия жолында және адам құқықтарын тиімді қорғауда шешуші рөл атқарады

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz

Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова БҰҰ Тұрақты үйлестірушісінің міндетін атқарушы Стивен О'Маллимен және БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Кеңсесінің Басшысы Куртмолла Абдулганиевпен кездесті.
Кездесу барысында Эльвира Азимова қонақтарға 2022 жылғы маусымда өткен Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі республикалық референдум қорытындысы бойынша қайта құрылған Конституциялық Соттың қызметі туралы айтып берді.

Ол еліміздегі заң мен тәртіпті қамтамасыз етудегі конституциялық бақылаудың өзектілігін атап өтіп, Конституциялық Сот жұмысының басшылық қағидатын – Конституцияның үстемдігін және оның адам құқықтары мен бостандықтарының конституциялық кепілдіктерін, мемлекеттің оларды қорғау жөніндегі негізгі міндеттемелерін, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың демократиялық шарттарын бекітетін елдің Негізгі заңы ретіндегі рөлін атап өтті.
Стивен О'Малли Қазақстанның құқық үстемдігі арқылы демократия жолында және азаматтардың үміттерін ескере отырып, Конституциялық Сотты қайта құру туралы шешімін жоғары бағалады.
Кездесу нәтижесінде Қазақстан мен БҰҰ-ның даму жүйесі арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы аясында азаматтардың құқықтық санасын арттыру және мемлекеттік органдардың құзыретін күшейту жөніндегі жобалар бойынша ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізілді.