Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында Мемлекет басшысының үш жылдық саяси реформаларының қорытындылары талқыланды

Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында Мемлекет басшысының үш жылдық саяси реформаларының қорытындылары талқыланды

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында «Қ.К. Тоқаевтың 3 жылдық саяси реформаларының нәтижелері» атты тақырыпта «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat.» Ұлттық сараптама алаңының отырысы өтті. Шара мемлекеттік органдардың өкілдерін, парламентарийлерді, жетекші талдау орталықтарының басшыларын, тәуелсіз сарапшылар мен қоғам қайраткерлерін біріктірді.
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов Қазақстанда соңғы үш жылда елімізде ғана емес, бүкіл посткеңестік елдерде бұрын-соңды болмаған демократиялық реформалар жүзеге асырылғанын ерекше атап өтті. «Мемлекет басшысы бірнеше рет атап өткендей, саяси жаңғыртусыз елдің тұрақты ілгерілеуі мүмкін емес. Жаһандық тұрақсыздық жағдайында жан-жақты саяси реформалардың жүзеге асуы әлемдік қауымдастыққа Қазақстанды аяғына нық тұрған мемлекет және біздің ауызбірлікті біртұтас ұлт екенімізді білдіретін сигнал», – деді Е.Тұқымов.
Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова конституциялық бақылаудың міндеттері және оның заң мен тәртіпті қамтамасыз ету процесіне әсері туралы айтты. Сондай-ақ, ол конституциялық реформа нәтижесінде азаматтардың құқықтық санасын қалыптастырудағы Конституциялық Соттың рөлі әркімнің өзінің конституциялық құқықтарын қорғауға қосқан үлесі Негізгі Заңның үстемдігін нығайтады және демократиялық процестерге әсер етеді деп нақты белгіленгенін атап өтті. Ол конституциялық бақылау органы мемлекеттік билік үшін тежеу мен тепе-теңдік жүйесінің маңызды құқықтық элементі екенін атап өтті.

https://kisi.kz/reformalardyn-maksaty-kazakstandyktardyn-al-aukaty-men-egemendikti-nygajtu-sarapshylar-prezident-tokaevtyn-sayasi-reformalaryn-talkylady/