Конституциялық Сотқа Мемлекеттік басқару академиясының докторанттары келді

Конституциялық Сотқа Мемлекеттік басқару академиясының докторанттары келді

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz  

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотында Төрағаның орынбасары Бақыт Нұрмұхановтың ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының докторанттарымен кездесуі өтті.

Кездесу «Мемлекеттік басқарудың құқықтық негіздері» элективті курсы аясында ұйымдастырылды. Курстың негізгі тақырыптарының бірі – ҚР Конституциясын және конституциялық бақылау институтын зерттеу.

Академия тыңдаушыларына қолданыстағы тежеу мен тепе-теңдік жүйесі, оның мемлекеттік басқару саласындағы рөлі және конституциялық бақылаудың тетіктері туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, нақты мысал ретінде аяқталған конституциялық істер мен қабылданған шешімдер қарастырылды.