Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Конституциялық Соттың азаматтың өтініші бойынша Жер кодексінің 43-1-бабы 14-тармағы екінші бөлігінің Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы отырысы өтті.
Тексеруге негіз болған құқықтық негіздемелер:
Дауланып отырған нормаға сәйкес осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын адамдарға, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес жер учаскесін алу кезінде олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша балл беру түрінде артықшылық беріледі.
Өтініш иесінің пікірі:
Дауланып отырған норма Қазақстан Республикасының аумағы бойынша еркін жүріп-тұрудың және тұрғылықты жерді еркін таңдаудың конституциялық құқығын, кәсіпкерлік қызмет бостандығына құқықты шектейді, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша кемсітушілікке тыйым салуды бұзады.
Өтініштің мән-жайы:
Өтініш беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскесін жалға алу конкурсына қатысқан. Конкурста жеңіске жергілікті тұрғын жеткен, оған осы жерде тұруына байланысты қосымша ұпайлар қосылған. Өтініш беруші бұрын осы учаскеге иелік етіп, басқарған, бірақ кейіннен медициналық көмекті үнемі алу қажеттілігіне байланысты басқа жерге көшіп кеткен, бірақ үй шаруашылығын басқаруды жалғастырған. Жер комиссиясының шешімін заңсыз деп санап, өтініш беруші сотқа жүгінген. Барлық үш сатыдағы соттар Кодекстің көрсетілген нормасы негізінде оның талаптарын қанағаттандырудан бас тартқан.
Отырысқа қатысқандар:
Өтініш иесі, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің, Бас прокуратураның, әділет, ауыл шаруашылығы министрліктерінің, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының, парламентаризм, заңнама және құқықтық ақпарат институттарының өкілдері.
Баяндамашы-судья: Ескендіров А.Қ.
Конституциялық Соттың қорытынды шешімі Конституциялық заңның 65-бабына сәйкес КС ресми сайтында сілтеме бойынша (https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/activities/directions?lang=kkhttps://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/activities/directions?lang=kk), «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланатын болады.