Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Астанада республикалық «Казахстанская правда» газетінің 105 жылдығына арналған «Ұлы жол кезеңдері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға Парламент депутаттары мен мемлекеттік органдар өкілдері, қоғам қайраткерлері және журналистер қатысты.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы Еркін Оңғарбаев газеттің ұжымын атаулы мерейтойымен құттықтады. Ол «Казахстанская правда» газетінің Қазақстанның ұлттық деңгейдегі беделді қоғамдық-саяси медиаресурсы ретінде өз орнын сақтап отырғанын және елде қабылданатын мемлекеттік шешімдер, заңдар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілердің жариялануында маңызды рөл атқаратынын атап өтті.