Телеграм КС - https://t.me/consot_kz
Конституциялық Сотқа азаматтың Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 633-бабының екінші бөлігінің («Автомобиль жолдарына бөлiнген жолақта қорғау мен пайдалану қағидаларын бұзу») Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтініші келіп түсті.
Бұл нормада бір жыл ішінде адамдардың жеңіл дене жарақатына, көлік құралдарының немесе басқа да мүліктің зақымдануына әкеп соқтырған жол-көлік оқиғалары немесе қайталанатын жағдайларға әкеп соққан жол-көлік оқиғалары үшін белгіленген аумақтардан тыс жерде мал жайғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Өтініш иесінің пікірінше, Кодекстің аталған нормасы заңды белгісіздікке ие, өйткені оның жағдайында ол науқас баланы үйге жеткізу қажеттілігіне байланысты малды белгіленген жайылымда қалдыруға мәжбүр болды.
Конституциялық Сот даулы норма іс жүргізу сипатында екенін және жол қозғалысы туралы Заңның материалдық нормалары мен жол қозғалысы ережелерінің негізінде қабылданғанын атап өтті. Ережеге сәйкес мал иелеріне жануарларды олардың қатты жабынды жолдарда пайда болуын болдырмайтын жағдайларда қадағалаусыз қалдыруға жол берілмейді (176-тармақ).
Конституциялық Сот мәні бойынша, малды қараусыз қалдыруға себеп болған нақты мән-жайларды уәкілетті орган мен сот жауапкершілікті жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлардың бар-жоғын зерттеп, тексеруі керек екенін көрсетті. Өтініш иесінің жол белгісі және автокөлік иесінің өзі белгілеген шектеулерді сақтамауы туралы талаптары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске және Жол қозғалысы туралы заңнамаға сәйкес уәкілетті орган мен соттың тексеру нысанасы болуға тиіс. Нақты мән-жайларды тексеру Конституциялық Соттың құзыретіне жатпайды.
Өтінішті алдын ала қарау нәтижелері бойынша Конституциялық Сот бұл норманың Конституцияға сәйкестігін тексеру үшін жол берілген шарттардың анықталмағанын хабарлады.