Телеграм КС - https://t.me/consot_kz
Конституциялық Соттың азаматтың өтініші бойынша Азаматтық кодекстің (Ерекше бөлім) 914-бабының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы отырысы өтті.
Тексеруге негіз болған құқықтық негіздемелер: Азаматтық кодекстің (Ерекше бөлім) 914-бабына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың тәуекелге негiзделген ойындар немесе бәс тiгу (құмар ойындар мен бәстер) ұйымдастыруға, өткiзуге немесе оларға қатысуға байланысты талаптары, ойын бизнесін ұйымдастырушы құмар ойындарын және (немесе) бәс тігуді өткізудің шарттарын сақтаған кезде, Азаматтық кодекстің 913-бабында аталған қатынастардан туындайтын талаптарды қоспағанда, сотпен қорғалуға жатпайды.
Өтініш иесінің пікірі: Сот Кодекстің аталған нормасының негізінде оның ұтысын төлемеуге байланысты сот арқылы қорғалу құқығын бұзған.
Өтініштің мән-жайы: 2023 жылдың желтоқсанында азамат букмекерлік кеңсенің сайтында бәс тігіп, қомақты соманы ұтып алған, ұтысты шығарып алуға әрекеттенген кезде бәс тігуді қабылдау ережелерін бұзды деген сілтеме жасай отырып, ынтымақтастықты тоқтату туралы хабарлама алған. Букмекерлік кеңсе бәс тігулерді жойып, оның ұтысын теңгерімінен алған.
Отырысқа қатысқандар: өтініш иесінің өкілі, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің, Бас прокуратураның, әділет, спорт және туризм министрліктерінің, парламентаризм, заңнама және құқықтық ақпарат институттарының, М.С. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ университетінің, Каспий қоғамдық университетінің өкілдері.
Баяндамашы-судья: Мусин Қ.С.
Конституциялық Соттың қорытынды шешімі Конституциялық заңның 65-бабына сәйкес КС ресми сайтында сілтеме бойынша https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/activities/directions?lang=kkhttps://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/activities/directions?lang=kk, «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланатын болады.