
Телеграм КС - https://t.me/consot_kz
Бішкекте (Қырғыз Республикасы) Қырғыз әйел судьялар қауымдастығының «Құқықтық әділеттілікті нығайту: тегін құқықтық көмекке қол жеткізу, сот жүйесіндегі әйелдерді қолдау және гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында оныншы мерейтойлық конференциясы өтті.
Конференцияға Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы Айгүл Қыдырбаева және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары Елена Максюта және Шолпан Иманиязовалар қатысты.
Конференцияға қатысушылар халықтың әлеуметтік осал топтарына, әсіресе әйелдер мен қыздарға, ауылдық жерлерде тұратын мүгедектігі бар адамдарға мемлекет кепілдік берген құқықтық көмекке қолжетімділікті кеңейту, цифрлық технологиялардың осындай қолжетімділігін тиімді қамтамасыз ету мақсатында қолдану, зорлық-зомбылық қылмыстарынан зардап шеккендерге қатысты сот төрелігі жүйесінде инклюзияны қолдану, әйел судьялардың кәсіби құзыреттілігін және олардың сот жүйесін нығайту процестеріндегі белсенділігін қолдау бойынша ұсыныстарды талқылады.
Конференцияға Қырғыз Республикасының Жоғарғы және Конституциялық соттардың судьялары, сондай-ақ Бас прокуратурасы мен омбудсменінің, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Конференцияны ұйымдастырушылар мен қатысушылар кәсіби судьялар қауымдастығының әйел судьялар тұлғасындағы күш-жігерін біріктірудің және олардың Орталық Азиядағы әйелдердің қатысуымен сот төрелігін нығайтуға қосқан үлесінің маңыздылығын атап өтті.