Конституциялық Сот Азаматтық кодекстің сақтандыру ұйымдарының зейнетақы аннуитеті шарты бойынша алынған сақтандыру сыйлықақыларына меншік құқығына қатысты нормасын тексереді

Конституциялық Сот Азаматтық кодекстің сақтандыру ұйымдарының зейнетақы аннуитеті шарты бойынша алынған сақтандыру сыйлықақыларына меншік құқығына қатысты нормасын тексереді

Телеграм КС - https://t.me/consot_kz

 

Конституциялық Соттың азаматтың өтініші бойынша Азаматтық кодекстің (Ерекше бөлім) 818-бабы 1-тармағының екінші абзацын Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы отырысы өтті.

➤ Тексеруге негіз болған құқықтық негіздемелер: Азаматтық кодекстің (Ерекше бөлім) 818-бабы 1-тармағының екінші абзацы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушы алған сақтандыру сыйлықақылары оған меншік құқығымен тиесілі екенін белгілейді.

Өтініш иесінің пікірі: Азаматтық кодекстің (Ерекше бөлім) 818-бабы 1-тармағының екінші абзацының Конституцияға сәйкестігін, соған сәйкес сақтандырушыға сақтандыру сыйлықақылары ретінде берілген зейнетақы жинақтары сақтандыру компанияларының меншігі болып табылады деген мәселедегі белгісіздік өтінішке негіз болып табылады. Соттар Азаматтық кодекстің (Ерекше бөлім) осы нормаларын қолдана отырып, сот шешімінсіз мүліктен айыра отырып, меншік құқығын қорғау туралы Конституциялық нормаға қайшы келетін тәжірибе жасауда. Өтініш беруші зейнетақы жинақтары заңмен кепілдендірілген және басқа біреудің меншігіне берілмейтін мұраның бөлігі болып табылады деп санайды.

Отырысқа қатысқандар: өтініш субъектісі және оның өкілі, Парламент Палаталарының, Бас прокуратураның, Әділет министрлігінің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Қаржы мониторингі агенттігінің, ҚР БП жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының, Республикалық адвокаттар алқасының, парламентаризм, заңнама және құқықтық ақпарат институттарының өкілдері және сақтандыру омбудсмені.

Баяндамашы-судья: Қыдырбаева А.Қ.

Конституциялық Соттың қорытынды шешімі Конституциялық заңның 65-бабына сәйкес КС ресми сайтында сілтеме бойынша, https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/1?lang=kk «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланатын болады.