Конституциялық заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша тәжірибе алмасу жалғасуда

Конституциялық заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша тәжірибе алмасу жалғасуда

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz  

 

Конституциялық Сот Аппараты ЕҚЫҰ-ның Қазақстандағы бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен Қазақстан мен Германияның конституциялық бақылау органдары арасында тәжірибе алмасу бойынша кезекті кездесу ұйымдастырды. Германияның Федералды Конституциялық Сотында өз қызметін аяқтаған судьясы Габриэль Бритц пен Франкфурте-на-Майне қаласындағы Гете университетінің ғылыми қызметкері Ян Денгеcтің мемлекеттік органдардың өкілдеріне қонақ дәрісі өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты судьяларының қатысуымен конституциялық бақылау саласындағы мазмұнды консультациялар мен тәжірибе алмасу өтті.

Кездесуге қатысушылар конституциялық соттарға жүгінуге жол беру өлшемшарттарын, конституциялық бақылау органдарының шешімдерін орындау тетіктерін және олардың тиімділігін арттыру жолдарын талқылады.

Конституциялық бақылау органдарының шешімдерінің тиісінше орындалуын қамтамасыз ету саласындағы ақпарат пен озық тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылды.

Анықтама: Германия Федеративтік Конституциялық Соты 1949 жылы Германия Федеративтік Республикасының Негізгі Заңы (Конституция) қабылданғаннан кейін 1951 жылы құрылды. Бұл ел Конституциясының (Негізгі Заң) қорғалуын қамтамасыз ететін жоғары сот органы. Ол федералды президент тағайындайтын әрқайсысы сегіз судьядан тұратын екі сенаттан тұрады. Сот Конституцияны бұзуға байланысты істерді, оның ішінде билік органдары арасындағы дауларды қарауға, азаматтардың негізгі құқықтарының сақталуын бақылауға, сондай-ақ заңдардың конституцияға сәйкестігін бағалауға құқылы.