Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы Еркін Оңғарбаев Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университеті (РХДУ) ұйымдастырған «Құқық қорғау қызметі және азаматтық қоғам» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Шараға 100-ден астам елден қатысушы оның ішінде заңгерлік білім беру және құқық қорғаушы ұйымдарының өкілдері сондай-ақ сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдері қатысты
Конференция алаңында заң саласындағы жетекші сарапшылар, зерттеушілер мен практиктер өз тәжірибилерімен және пікірлерімен алмасты. Қатысушылар азаматтық қоғам институттарын дамыту, адвокаттық және нотариаттық қызметті реформалау, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл перспективалары, цифрландыру және құқық қорғау органдарының қызметінде жаңа технологияларды пайдалану мәселелерін талқылады.
Судья Еркін Оңғарбаев өз сөзінде Конституциялық Сот қызметінің ерекшеліктері және оның елдегі конституциялық заңдылықты қамтамасыз етудегі рөлі, өтініштердің статистикасы және олар бойынша қабылданған Конституциялық Соттың қорытынды шешімдері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz