Конституциялық Сотқа азаматтың «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекстің 65-бабының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтініші келіп түсті.
Дауланып отырған норма баланың ұлты оның ата-анасының ұлты бойынша анықталатынын белгілейді. Егер ата-анасының ұлты әр түрлі болса, ол баланың қалауы бойынша жеке куәлігін немесе төлқұжатын алатын кезде әкесінің немесе анасының ұлтына сәйкес анықталады. Болашақта баланың ұлты оның өтініші бойынша тек ата-анасының біреуінің ұлтына өзгертілуі мүмкін.
Өтініш берушінің пікірі:
Өтініштің авторы даулап отырған норма қамқорлықтағы баланың өзінің ұлтын анықтауға және таңдауға конституциялық құқығына нұқсан келтіреді және шектейді деп санайды, өйткені оның қайтыс болған биологиялық ата-анасының ұлты анықталмаған.
Өтінішті қарау жөніндегі отырысқа қатысқандар:
Өтініш иесі, Парламент палаталарының, Бас прокуратураның, адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, әділет, ішкі істер, ағарту, мәдениет және ақпарат министрліктерінің, парламентаризм, заңнама және құқықтық ақпарат институттарының, Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюроның Қазақстандағы өкілдері, сондай-ақ Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.
Судья-баяндамашы: Подопригора Р.А.
Конституциялық Соттың қорытынды шешімі Конституциялық заңның 65-бабына сәйкес КС ресми сайтында сілтеме бойынша (https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/activities/directions?lang=kkhttps://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/activities/directions?lang=kk), «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланатын болады.
Телеграмм КС - https://t.me/ConstitutionalCourt_KZ