Қылмыстық процесті қарау кезінде қорғаушылардың жауап алу хаттамасының көшірмесін алу құқығын шектеу Конституцияға сәйкес пе?

Қылмыстық процесті қарау кезінде қорғаушылардың жауап алу хаттамасының көшірмесін алу құқығын шектеу Конституцияға сәйкес пе?

Конституциялық Сотта азаматтың Қылмыстық-процестік кодекстің 64-бабы тоғызыншы бөлігінің 17) тармағының, 70-бабы екінші бөлігінің 5) тармағының Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтініші бойынша отырысы өтті.

Конституциялық іс жүргізу барысында азаматтың мүддесін адвокат қорғады.

Дауланып отырған нормаға сәйкес қорғаушы жауап алу хаттамасының көшірмелерін ала алмайды, себебі ол іс жүргізу құжаттарының тізбесіне кірмейді. Олармен тек танысуға және үзінді көшірмесін жасауға ғана құқығы бар. Осыған байланысты, өтініш беруші бұл нормалар азаматтың қорғау құқығын шектейді және адвокат жұмысының тиімділігіне әсер етеді деп санайды.

Отырыс барысында судьялар адвокатты, Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер, әділет министрліктері, Қаржы мониторингі агенттігі, Республикалық адвокаттар алқасының өкілдерін мен сарапшыны тыңдады.

Конституциялық Соттың қорытынды шешімі Конституциялық Заңның 65 бабына сәйкес КС ресми сайтында мына сілтеме бойынша https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/activities/directions?lang=kk, «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланады.