Конституциялық Сотқа азаматтан Қылмыстық кодекстің 72-бабы сегізінші бөлігінің 1) тармағының Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтініш келіп түсті.
Дауланып отырған нормада үкімі өлім жазасынан өмір бойына бас бостандығынан айыруға өзгертілген сотталғандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш беру құқығы қарастырылмаған.
Конституциялық Соттың отырысында өтініш беруші, Бас прокуратураның, ішкі істер, әділет министрліктерінің, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілдері және сарапшылар өз ұстанымдарын білдірді.
Конституциялық Соттың қорытынды шешімі Конституциялық Заңның 65 бабына сәйкес КС ресми сайтында мына сілтеме бойынша https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/activities/directions?lang=kk, «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланады.