
Мүгедектігі бар азаматтар Конституциялық Соттан Салық кодексіндегі жауапкер ретінде қатысқан істер бойынша сот актілеріне шағымданған жағдайда оларды мемлекеттік баж төлеуден босатпайтын 616-бабы 13) тармақшасының конституциялылығын тексеруді сұрады.
Өтініш берушілердің пікірінше, аталған норма олардың сот арқылы қорғалу құқығын бұзады және мүгедектігі бар адамдар сотқа жүгінген кезде және сот актілеріне шағымданған кезде олардың арасында теңсіздік туғызады. Осыған байланысты олар Салық кодексінің көрсетілген нормасын Конституцияның 13 және 14-баптарына сәйкестігін тексеруді сұрайды.
Конституциялық Соттың отырысына өтініш субъектілері, Бас прокуратураның, әділет, ұлттық экономика, қаржы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің өкілдері қатысты.
Конституциялық Соттың қорытынды шешімі Конституциялық (https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/activities/directions?lang=kk) заңның 65-бабына сәйкес соттың ресми сайтында және «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланатын болады.