
❓Конституциялық Сот – жоғары сот инстанциясы
❌ Олай емес. Конституциялық Сот - елдегі Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ететін тәуелсіз орган, ол жалпы юрисдикциядағы соттарға жатпайды.
❓КС сот шешімдері мен лауазымды тұлғалардың әкімшілік актілерінің күшін жояды
❌ Бұл дұрыс емес. Азаматтың өтініші бойынша КС нақты жағдайларда адамның құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын НҚА нормаларының Конституцияға сәйкестігін тексереді. КС соттардың немесе басқа да мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін барлық жағдайларда өзге мәселелерді анықтаудан, зерттеуден және тексеруден қалыс қалады.
❓Азаматтардың өтініші бойынша Конституциялық сот сайлау нәтижелерін жояды
❌ Бұл қате түсінік. КС дау туындаған жағдайда Президенттің, Парламент Палаталары төрағаларының, Парламент депутаттары жалпы санының кемінде бестен бір бөлігінің, Премьер-Министрдің өтініштері бойынша ғана Президент, Парламент депутаттарын сайлауды және республикалық референдум өткізудің дұрыстығын шешеді.
❓Конституциялық құқықтар бұзылған жағдайда КС соттар мен мемлекеттік органдарда азаматтардың мүдделерін білдіреді
❌ Олай емес. Азаматтардың өтініштерін қарау кезінде конституциялық іс жүргізуде де, соттар мен мемлекеттік органдарда да өкілдер ретінде адвокаттар, заң консультанттары және заңды өкілдер азаматтардың мүдделерін білдіре алады.