
Жоқ. Қолданыстағы заңнамада заңды тұлғалардың Конституциялық Сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделмеген. Конституцияда конституциялық бақылау органына жүгінуге құқығы бар адамдардың толық тізбесі белгіленген.
Негізгі Заңда адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары бекітілген. Конституциялық құқық ең алдымен азаматтарға тиесілі. Сондықтан нақты бір адамның құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын НҚА-ның Конституцияға сәйкестігі тексеріледі.
Конституциялық Соттың қызметі азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған.