Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатынан

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатынан

«... біз Ата заңның үстемді­гін қамтамасыз ететін, конститу­ция­лық бақылауды жүзеге асыратын жоғары орган – Конституциялық Сотты қайта қалпына келтірдік. Біреу­лерге Конституциялық Кеңестің аты ғана өзгергендей көрінуі мүмкін. Шын мәнінде, оның заты түбегейлі өзгерді.

Конституциялық Сот шешімдерінің күшін ешкім жоя алмайды. Оның шешім­деріне, соның ішінде азаматтар­дың конституциялық құқықтарына қатыс­ты байламдарына күмән келтіру­ге, Президенттің де еш қақы жоқ.

Ата заңға енгізілуі мүмкін кез келген өзгеріс пен толықтыру Конституциялық Соттың оң қорытындысы болса ғана республикалық референдумға немесе Парламенттің қарауына шығарылады.

Конституциялық Сотта он бір қазы бар екені белгілі. Соның алтауын, яғни көпшілігін, Парламент палаталары тағайындайды. Ал төрағасын Пре­зидент тағайындағанымен, мін­детті түрде Сенаттың келісімі қажет»

Толығырақ: https://egemen.kz/article/355466-qasym-zhomart-toqaev-biz-ozyq-oyly-ult-retinde-tek-qana-algha-qarauymyz-kerek