Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларды келе жатқан мемлекеттік мерекемен құттықтап, еліміздің тұрақтылығы мен дамуындағы Ата заңымыздың маңыздылығын атап өтті.
Өз кезегінде, Конституциялық Сот судьясы Сергей Ударцев Қазақстанды 32 жыл бұрын тәуелсіздікке жетелеген негізгі оқиғалар мен жетістіктерді атап өтті. Сондай-ақ, судья Қазақстан тәуелсіздік алған кезден бері конституционализмнің даму тарихына және алғаш қабылданған конституциялық заңдарға тоқталды.
Шара барысында тарихшы, саясаттану докторы, Л.Н.Гумилева атындағы ЕҰУ-нің Заманауи зерттеулер институтының директоры Мұхит-Ардагер Сыдықназаров дәріс оқыды. Ол дәріс қатысушыларына өзінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелері туралы айтып, өзінің «Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі тарих толқынында. XVІ-XIX ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталардағы Қазақ мемлекеті» атты жаңа еңбегі туралы сөз қозғады. Оның айтуынша, ол 15 жылдан астам уақыт бойы Еуропадан Америкаға дейінгі әлемнің әртүрлі елдерінің кітапханалары мен мұрағаттарын зерттеген. Ғалымның айтуынша, Қазақ мемлекеті көптеген ғасырлар бойы Еуропа және АҚШ елдерімен саяси, мәдени және экономикалық байланыстар арқылы өзара іс-қимыл жасай отырып, өзін сенімді және тұрақты одақтас ретінде көрсетті.
Дәріс барысында профессор барлық жетістіктердің іргетасы һәм қазақстандықтардың тең құқықтары мен мүмкіндіктерінің кепілі, тарихи құндылықтарды қалпына келтірудегі Тәуелсіздіктің маңызды рөліне тоқталды. Мұхит-Ардагер Сыдықназаров кездесу соңында жаңа туындысын Конституциялық Сот мұражайына табыстады.
Шара соңында конституциялық заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін КС Аппаратының қызметкерлеріне ведомстволық наградалар табысталды.