Конституциялық Соттың Төрағасы БҰҰ көшбасшыларының сегментінде адам құқықтары мен бейбітшілік қауіпсіздігінің болашағына бағытталған ұсыныстар айтты

Конституциялық Соттың Төрағасы БҰҰ көшбасшыларының сегментінде адам құқықтары мен бейбітшілік қауіпсіздігінің болашағына бағытталған ұсыныстар айтты

Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова Көшбасшылар сегментінде «Адам құқықтарының болашағы, бейбітшілік пен қауіпсіздік» атты жоғары деңгейдегі дөңгелек үстелдің спикері ретінде сөз сөйледі.

Қазақстандық делегацияның басшысы адам құқықтары призмасы арқылы халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтудағы Қазақстанның ұстанымдарын айтты.

Э.Азимова өз сөзінде бейбіт және тұрақты дамуды қамтамасыз етудің үш негізгі факторын атап өтті:

- әр адамның іргелі құқықтары мен бостандықтарын қорғау;

- саяси тұрақтылық, экономикалық және әлеуметтік өркендеу үшін заңның үстемдігі. Бұл адамдардың сапалы мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің, билікті теріс пайдалануды тежеудің және халық мен мемлекет арасында қоғамдық шарт орнатудың негізі екенін атап өтті;

- және үшіншіден, халықаралық қатынастардың әрбір қатысушысының БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына адалдығы.

Сондай-ақ, ол әрбір азаматтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған саяси реформалар жүргізу арқылы бейбітшілік пен толеранттылықты насихаттау бойынша Қазақстанның тәжірибесімен бөлісті.

Баяндаманың соңында Эльвира Азимова Қазақстан дауларды бейбіт жолмен шешуді жақтайтын және бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелеріне өз үлесін қосуға шын ниетпен диалогқа шақыратын ел екенін және жанжал тараптарына келіссөздер жүргізу өз алаңын ұсынып отыратынын айтты.

ҚР Конституциялық Сотының Төрағасы – БҰҰ көшбасшылары сегментінде Орталық Азия өңірінен спикер ретінде қатысқан жалғыз қатысушы.

Бұл шараға Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қ.Омаров та қатысты. Ол жоғары деңгейдегі іс-шара аясында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Халықаралық еңбек ұйымының басшыларымен екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелерін, сондай-ақ өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттарын талқылау үшін екіжақты кездесулер өткізді.

Сонымен қатар, қазақстандық делегацияның Женеваға сапарының соңғы күні Конституциялық Соттың төрағасы Э.Азимова мен Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қ.Омаровтың БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Ф.Тюркпен кездесуі өтеді, онда 2023 жылғы 8 желтоқсанда Мемлекет басшысы мақұлдаған ҚР Адам құқықтары саласындағы іс-қимыл жоспары, сондай-ақ БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі оны іске асыру жөніндегі жұмысқа басқарманың қатысу мәселесі талқыланады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова бастаған қазақстандық делегация БҰҰ-ның ағымдағы жылғы айтулы оқиғасы - Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шараға қатысуда. Ол 10-13 желтоқсан аралығында Женевада өтіп жатыр.