Сөз бостандығы және демократияны қолдаудағы сот жүйесінің рөлі туралы вебинар

Сөз бостандығы және демократияны қолдаудағы сот жүйесінің рөлі туралы вебинар

Конституциялық Сотта ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өңірлік кеңсесінің қолдауымен ұйымдастырылған «Сөз бостандығы мен журналистердің қауіпсіздігіне жәрдемдесудегі сот билігінің рөлін күшейту» тақырыбында вебинар өтті.

Вебинар аясында ЮНЕСКО штаб-пәтерінің сөз бостандығы бөлімінің басшысы Гильерме Канела де Соуза Годой және БҰҰ Адам құқықтары комитетінің тәуелсіз сарапшысы Хелен Тигруджа сөз бостандығы саласындағы тәжірибелермен бөлісті. Баяндамашылар демократиялық процестерді нығайтудағы сот билігінің рөліне, сондай-ақ журналистерге қатысты құқықтарға, міндеттерге және шектеулерге басты назар аударды.

ҚР Конституциялық Сотының судьясы Роман Подопригора шараны ұйымдастырғаны үшін ЮНЕСКО-ның өңірлік кеңсесіне алғысын білдіріп, талқыланатын мәселелердің маңыздылығын атап өтті. Ол сөз бостандығы мен ақпаратқа қол жеткізу халықаралық құқықтық актілерде бекітілген іргелі құқық болып табылатынын атап өтті.

Судья сот билігінің тәуелсіздігі азаматтардың сөз бостандығы мен журналистердің қауіпсіздігін қорғауда шешуші рөл атқаратынын атап өтті. Ол сондай-ақ Конституциялық Соттың ақпаратты таратуға және жеке өмірді қорғау құқығына қатысты іс қарағанын айтып, жеке өмірді қорғау құқықтарын қорғау қоғамдық маңызы бар ақпараттың еркін таратылуына және БАҚ-тың қызметіне кедергі келтірмеуге тиіс екенін атап өтті.

Вебинар нәтижесі бойынша ұсыныстар айтылып, қатысушылар одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.