
Бүгін Қазақстанның астанасында «Заң шығару процесін жетілдіру» тақырыбына арналған Халықаралық дөңгелек үстел өтті. Шараны ҚР Президенті Іс басқармасы жанындағы Парламентаризм институты ҚР Әділет министрлігімен және ҚР Әділет Министрлігі жанындағы Заңнама және құқықтық ақпарат институтымен бірлесіп ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелге Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов, сондай-ақ ҚР Парламентінің, мемлекеттік органдардың өкілдері, қазақстандық және шетелдік заңгер-ғалымдар қатысты.
Шара барысында заң шығару процесінің негізгі аспектілері, заңнаманың тиімділігі мен заңдардың орындалуы критерийлері, сондай-ақ жұртшылық пен нысаналы топтардың құқықтық мониторингке қатысуы талқыланды.
Халықаралық шара Қазақстан Республикасындағы заң шығару процесін одан әрі жақсарту үшін сындарлы диалог қалыптастыру мақсатында түрлі сала өкілдері арасында пікір алмасу және тәжірибе алмасу алаңына айналды.