Конституциялық Соттың судьясы Қазақстандағы конституциялық реформаның тәжірибесі туралы айтты

Конституциялық Соттың судьясы Қазақстандағы конституциялық реформаның тәжірибесі туралы айтты

6 желтоқсан күні Өзбекстан Республикасы Конституциялық Сотында «Жаңа редакциядағы Өзбекстан Республикасы Конституциясын жүзеге асырудың басым бағыттары мен өзекті мәселелері» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Шараға Конституциялық Соттың судьясы Еркін Оңғарбаев онлайн-форматта қатысып, баяндама жасады.

Конституциялық Сот судьясының баяндамасы Қазақстандағы конституциялық реформалардың тәжірибесіне, 2022 жылғы 5 маусымдағы Республикалық референдумның қорытындысы бойынша еліміздің Конституциясына енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтыруларға арналды.

Баяндамашы сөзін қорытындылай келе, жаңадан құрылған Конституциялық Соттың жекелеген ерекшеліктеріне, конституциялық бақылау органына жүгіну субъектілерінің кеңеюіне тоқталды, сондай-ақ азаматтардан келіп түскен өтініштер мен қабылданған қорытынды шешімдердің саны бойынша статистикалық мәліметтерді келтірді.