Конституциялық Сотта Лейден университетінің қылмыстық құқық профессорымен кездесу өтті

Конституциялық Сотта Лейден университетінің қылмыстық құқық профессорымен кездесу өтті

Конституциялық Соттың алаңында Лейден университетінің профессоры Пинар Олчердің қатысуымен «Әділ сот талқылауы. Жаһандық тәуекел қоғамындағы қылмыстық құқық» атты Workshop нысанындағы шара өтті.
Шараға Конституциялық Соттың судьялары мен талдаушылары, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен Астанадағы ведомстволық академиялардың, университеттердің өкілдері қатысты. Аталған кездесу Нидерланды Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Николаас Якоб Схемерс мырзаның қолдауымен ұйымдастырылды.
Пинар Олчер қылмыстық құқық пен сот ісін жүргізудегі ғылыми зерттеулердің авторы.

Кездесу барысында жәбірленушілердің құқықтарына кепілдік беру, білікті заң көмегіне қол жеткізу және кінәсіздік презумпциясын сақтау, қылмыстық процесс шеңберінде мәжбүрлеу сипатындағы шараларды қолдану мәселелері бойынша пікірталас өтті.