
А.ж. 7-8 желтоқсан күндері Астанада Қазақстан Омбудсмені кеңсесі мен ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия ұйымдастырған «Адам құқықтарын қамтамасыз ететін халықаралық құқықтық нормаларды ұлттық заңнамаға имплементациялау» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында КС Төрағасы Эльвира Азимова Мажарстанның Негізгі құқықтар жөніндегі комиссары Акос Козмамен кездесу өткізді.
Комиссар қайта құрылған Қазақстан Конституциялық Соты қызметінің басталуымен құттықтап, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға кепілдік беретін Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етуде табысты жұмыс атқаруды тіледі.