Халықаралық Адам құқықтары күні қарсаңында Астанада Қазақстан Конституциялық Сотының бастамасымен ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиямен және ҚР Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп «Салауатты планетадағы бейбітшілік, қадір-қасиет және теңдік. Сот төрелігінің рөлі және адам құқықтарын алға оздыру» атты брифинг өтті. Шара бейбітшілік кепілі ретінде Халықаралық диалог жылын және Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 75 жылдығын атап өтудің бір бөлігі.
Қатысушыларға КС Төрағасы Эльвира Азимова, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Рогов және ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко алғы сөздерін сөйлеп, Қазақстанның Орталық Азиядағы ауқымды демократиялық және саяси реформаларды жүргізудегі, сондай-ақ адам құқықтарын қорғау жөніндегі іске асырылып жатқан бастамалардағы маңызды рөлін атап өтті.
Адам құқықтарын қорғаудың әртүрлі салаларындағы мәселелерді талқылауға арналған диалог алаңы БҰҰ, ЕҚЫҰ, БҰҰДБ, Қазақстандағы ХКҰ өкілдігі, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы, БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) және Еуропалық Одақ өкілдігі сияқты өңірлік жетекші органдардың өкілдерін біріктірді. Диалог аясында бейбітшілікті қамтамасыз етудегі сот төрелігінің рөліне және қазіргі жаһандық сын-қатерлер мен орнықты даму перспективалары аясында адам құқықтарын көтермелеудің маңыздылығына байланысты өзекті мәселелер талқыланды.
КС Төрағасы Эльвира Азимова Конституциялық Сот өз қызметінде құқық үстемдігі мен адам құқықтарын қорғау қағидаттарын берік ұстанатынын атап өтті. Бұл саясатты іске асырудың маңыздылығы әлемдік қоғамдастықтың қатысушылары үшін туындайтын тәуекелдердің жаһандық өзгерістері жағдайында ерекше өзектілікке ие болады. КС басшысының пікірінше, құқықтық сын-тегеуріндерге уақытылы ден қою және заңды құрметтеу мемлекет пен қоғамның орнықты дамуына елеулі үлес болып табылады.
Брифинг барысында Халықаралық сараптамалық қоғамдастық өкілдері Қазақстанның адам құқықтарын қорғау саласындағы белсенді бастамаларын, бұл елдің әділ және ашық қоғам құруға деген ұмтылысын атап өтті, және ынтымақтастыққа дайын екендерін білдірді.
Қазақстан Республикасындағы БҰҰ-ның Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори:
«Адам құқықтары тұрақты дамудың негізі болып табылады және БҰҰ -ның барлық аспектілерін жаһандық деңгейде де, Қазақстанда да қамтиды.
БҰҰ-ның Қазақстандағы қызметі адамдардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге, институттарды нығайтуға және инклюзивті тұрақты экономика құруға бағытталған.
БҰҰ адам құқықтарын кеңейтуге және қоғамдық шартты нығайтуға бағытталған көптеген құқықтық құжаттарды әзірлеп, Қазақстанға қолдау көрсетті».
Тери Хакала, Еуропа Одағының Орталық Азия жөніндегі арнаулы өкілі:
«Қазіргі уақытта Орталық Азия елдерінің көпшілігі ауқымды конституциялық реформалар жүргізуде. Ал Қазақстанда Конституциялық сот осы маңызды реформалардың тікелей нәтижесі болып табылады, оның мақсаты, басқалармен қатар, конституциялық сот ісін жүргізуді оңайлату және оған жеке қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады.
Сонымен қатар, мен Қазақстанның Конституциялық Соты «Конституциялық шағымдар мен конституциялық сот төрелігіне қол жеткізуге», сондай – ақ «Конституциялық сот төрелігін жүргізу саласындағы кәсіби дамуды арттыруға» арналған екі семинарды ұйымдастыру арқылы ЕО Taiex бағдарламасынан қолдау алатынын қуанышпен жеткіземін. Бұл бастамалар Қазақстандағы конституциялық үдерістерді нығайтуға, сот төрелігі өрбіп қана қоймай, қолжетімді болатын ортаны құруға бағытталған».
Летисия Баззии-Вейл, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы Өкілінің міндетін атқарушы:
«Қазақстандағы бала құқықтарына ерекше назар аударатыны үшін ҚР Конституциялық сотына алғысымды білдіргім келеді. Сондай-ақ, хабарлама рәсіміне қатысты Бала құқықтары туралы конвенцияға Үшінші Факультативтік хаттаманы ратификациялау жөніндегі жұмысы үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне шынайы ризашылығымды айтамын. 2023-2025 жылдарға арналған балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен суицидтің алдын алу жөніндегі кешенді жоспарды қабылдауды қоса алғанда, Қазақстан қабылдаған бірқатар маңызды қадамдар Қазақстандағы балалардың құқықтарын қорғауды жақсартады және тиісті ТДМ-ға қол жеткізуге ықпал етеді деп санаймын».
д-р Фолькер Фробарт, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисінің басшысы:
«ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесі өз мандатына сәйкес үш өлшемде – әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және адами өлшемде жұмыс істейді. Келесі жылы Конституциялық сотпен тығыз ынтымақтастық жасай отырып, біздің Кеңсе халықаралық және ұлттық конституциялық сот төрелігінің үздік тәжірибелерімен алмасуда сараптамалық қолдау, субъектілердің өтініштері бойынша іс жүргізуді ұйымдастыруға және дайындауға қатысатын сот қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, азаматтардың өтініштерін ресімдеу саласында адвокаттық қоғамдастықты оқытуды арқылы қолдауды жоспарлап отыр»
Катаржина Вавьерниа, Қазақстандағы БҰҰДБ-ң жаңа Тұрақты өкілі:
«Қазіргі жағдайдағы геосаяси, әлеуметтік, экономикалық және климаттық сипаттағы көптеген сын-қатерлер аясында Конституциялық Сот, сот және құқық қорғау жүйелері азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етудің кепілі болып табылады. Сот органдарына және Конституциялық Сотқа түсткен өтініштердің өзекті статистикасы қолданыстағы және қабылданатын заңдардың конституциялылығын ескере отырып, құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігін күшейту және шығарылатын сот шешімдерінің сапасын арттыру қажеттігін нақты көрсетеді. БҰҰ Даму бағдарламасы адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету үшін құқықтық базаны және құқық қорғау тетіктерін нығайтуда Қазақстанға қолдау көрсетуге ерекше ықыласты».
Зейнал Гаджиев, Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) Қазақстандағы өкілдігінің басшысы:
«ХКҰ Қазақстанның қауіпсіз, реттелген және заңды көші-қон туралы Жаһандық шартты (МДМ) іске асыруға деген ұмтылысын құптайды, ол ұлттық көші-қон саясаты тұжырымдамасын қабылдауда көрініс тапты. ХКҰ Тұжырымдамада қойылған мақсаттарға қол жеткізуде Қазақстан үкіметін қолдауға әрдайым дайын».
Мадина Сариева, БҰҰ ЕҚБ бағдарламалық кеңсесі басшысының міндетін атқарушы:
«БҰҰ ЕҚБ мүше мемлекеттерге БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының (БҰҰ ҚКП) 11-бабының талаптарына сәйкес судьялардың адалдығын, есеп берушілігін және кәсібилігін нығайтуға, Судьялардың жүріс-тұрысының Бангалор қағидаларын әзірлеуді қолдауға және осы мақсаттарда сот органдарына көмек көрсету үшін түрлі құралдар жасауға көмек көрсетеді. Осы мақсатта 2018 жылдың сәуір айында БҰҰ-ның Венадағы БҰҰ бөлімшесінде 100-ден астам елдің бас судьялары, жоғарғы және конституциялық соттардың төрағалары және басқа да жоғары лауазымды судьялары қатысқан судьялардың адалдығы мен сатылмауын қамтамасыз ету жөніндегі жаһандық желіні іске қосты».