
Конституциялық Соттың судьялары Бақыт Нұрмұханов және Айжан Жатқанбаева ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының ұйымдастыруымен өткізілген “Адам құқықтары және оларды қорғау: теориясы, болмысы және даму тенденциялары” Адам құқықтары жөніндегі V Еуразиялық форумына қатысты.
Шараға сот жүйесінің, отандық және шетелдік ғалымдардың, сондай-ақ құқық қорғау қоғамдастығының өкілдері жиналды.
Форум аясында адам құқықтарының теориялық аспектілеріне, оларды нақты өмірде өзектендіруге, сондай-ақ осы саладағы даму үрдістеріне қатысты мәселелер талқыланды.
КС судьялары қатысушылармен Конституциялық Соттың құқық қолдану практикасы туралы ақпаратпен бөлісіп, оның адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының іске асырылуына кепілдік берудегі рөлін атап өтті. Олар, сондай-ақ, Конституциялық Сотқа өтінішпен жүгінудің шарттары туралы айтты.