Конституциялық Соттың судьясы кәсіби заңгерлермен кездесті

Конституциялық Соттың судьясы кәсіби заңгерлермен кездесті

Конституциялық Соттың судьясы Қанат Мусин белгілі заңгер Дана Токмурзинаның бастамасымен ұйымдастырылған алаңда заң қоғамдастығының өкілдерімен кездесу өткізді.

Судья Конституциялық Сот қызметінің 11 айдағы тәжірибесімен бөлісіп, конституциялық жеке-дара өтініштерді қарау тәртібі және қабылдану мүмкіндігін түсіндірді. Қанат Мусин жыл басынан бері бес мыңға жуық өтініш келіп түскенін, оның тек 99%-ы азаматтардан келгенін атап өтті. Азаматтардың өтініш беру мүмкіндігі ерекше жаңалық екенін айтып, Конституциялық Сот өзінің нормативтік қаулыларының, әсіресе, қарапайым азаматтар үшін қолжетімді және түсінікті болуы үшін барынша күш салып жатқанын айтты.

Спикер конституциялық бақылау органының консервативті сипатына қарамастан ашықтығын ерекше атап өтті. «Біз әрқашан ашықпыз. Интернет-ресурстарымыз барлық қажетті ақпаратпен толықтырылған. Сондай-ақ, біз вебинарлар, ашық дәрістер және басқа да іс-шаралар өткізіп, азаматтық, академиялық қоғамдастық өкілдерімен және жас буын өкілдерімен кездесеміз. Конституциялық Сот өз қызметінде ашықтық пен қолжетімділікке басым бағыты ретінде ұстанады», – деп атап өтті судья.

Диалог соңында онлайн және офлайн кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жан-жақты жауаптар алды.