Конституциялық Соттың судьялары мен талдаушылары ғалымдармен және практиктермен бірлесіп қоғамдық процестерді жаңғыртудағы ұлттық заңнаманың рөлі туралы мәселелерді талқылады

Конституциялық Соттың судьялары мен талдаушылары ғалымдармен және практиктермен бірлесіп қоғамдық процестерді жаңғыртудағы ұлттық заңнаманың рөлі туралы мәселелерді талқылады

Конституциялық Соттың судьялары мен талдаушылары «Қоғамдық процестерді жаңғырту контекстіндегі ҚР Конституциясы және заңнамасы: диалог және үдемелі даму» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Шара Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтті.

Диалог алаңы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдерін, Парламент депутаттарын, ғылыми-білім беру мекемелері мен ұйымдарының өкілдерін, сондай-ақ жетекші отандық және шетелдік сарапшы ғалымдарды біріктірді.

Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов конференция қатысушыларына Конституциялық Соттың 2023 жылғы жұмысының қорытындыларын ұсынды. Ол конституциялық тексеру қорытындысы бойынша қабылданған 35 қорытынды шешіммен бөлісті. Қазіргі уақытта Конституциялық Соттың екі шешімін ескере отырып, Парламент заңдарға түзетулер қабылдап, бес қорытынды шешім негізінде Үкімет Парламент Мәжілісіне заңнамалық бастамалар ұсынды. Қабылданған қадамдар конституциялық бақылаудың қайта құрылған органы біртіндеп тежеу мен тепе-теңдік жүйесінің маңызды институтына, сондай-ақ Қазақстан азаматтары үшін қосымша құқық қорғау құралына айналатынын растайды.