Конституциялық Сотта Аппарат қызметкерлері үшін Әдеп жөніндегі уәкіл Салтанат Нұрымбетова психология бойынша практик жаттықтырушы, психология ғылымдарының кандидаты, гештальт-терапевт Нұрмағанбетов Қайрат Қуанышбайұлыны шақыра отырып, ойынға тәуелділік мәселесі бойынша семинар-тренинг өткізді.
Шара мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне енгізілген жаңашылдықтарды талқылау және насихаттау мақсатында ұйымдастырылды, оған сәйкес мемлекеттік қызметшілер қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемелеріне барудан бас тартуы тиіс.
Қатысушылар жаңа өзгерістер контекстінде этикалық стандарттарды белсенді түрде талқылап, ойын мекемелеріне баруға шектеулер енгізу туралы өз пікірлерін білдірді, ойынға тәуелділіктің себептері мен салдарын анықтады.