Конституциялық Сот азаматтарға құқықтық көмек көрсету үшін заң консультанттарын жұмылдырып жатыр

Конституциялық Сот азаматтарға құқықтық көмек көрсету үшін заң консультанттарын жұмылдырып жатыр

Бүгін Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Аппараты, Республикалық заң консультанттары алқасы және Астана қаласының заң консультанттары палатасы арасында өзара үшжақты Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Тараптар Конституциялық Сотта азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін мүмкіндіктерді кеңейту мақсатында оларға тегін құқықтық көмек көрсету туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Ынтымақтастық шеңберінде конституциялық бақылау органының құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша өз құқықтарын қорғаудың баламалы тәсілдерін іздейтін азаматтарға қолдау көрсету үшін Конституциялық Соттың Азаматтардың өтініштерін қабылдау орталығының жұмысына заң консультанттарын тарту мәселесі пысықталып жатыр.

Сондай-ақ жергілікті жерлердегі азаматтарды құқықтық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында осы жұмысқа өңірлердегі заң консультанттары палаталарын да қатыстыру жоспарланып жатыр.