
ҚазақстанРеспубликасыКонституциялық СотыныңТөрағасы Эльвира АзимовабастағанКС судьяларыАстанахалықаралыққаржыорталығы (АХҚО) сотыныңжаңатөрағасы Лорд Бернеттпен, АХҚО сотыныңбұрынғытөрағасы Лорд Мансжәне Халықаралықтөрелікорталығыныңтөрағасы Томас Крюммельмырзаменкездесті
Кездесу барысында олар халықаралық және ұлттық сот төрелігінің озық тәжірибелерімен алмасуды одан әрі ынтымақтастық және қолдау, субъектілердің өтініштері бойынша іс жүргізуді ұйымдастыруға және дайындауға қатысатын қызметкерлердің біліктілігін арттыру, сот төрелігіне қол жеткізуді қамтамасыз ету, оның ішінде цифрлық технологиялар мен медиалық жарықтандыруды пайдалана отырып, заң білімін қолдау мәселелерін талқылады.Заң үстемдігі және құқықтарды қорғау ұлттық және халықаралық сот юрисдикцияларының міндеттері болып табылады, - деп атап өтті Эльвира Азимова
Халықаралық төрелік органның өкілдері өз қызметін осы жылдың басынан жаңартылған форматта бастаған Конституциялық Сотпен ынтымақтастықты оң бағалады.Олар 2023 жылғы 7-8 қыркүйекте Астанада Конституциялық Соттың бастамасымен өткен Конституциялық сот төрелігі: баршаға қадір-қасиет, бостандық пен әділдік» халықаралық конференциясының дайындық және өткізу деңгейін жоғары бағалады (https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/614803?lang=kk).
Кездесуге қатысушылар ынтымақтастықты бес бағыт бойынша жалғастыруға келісті:
Қазақстандық тарапқа Ұлыбритания мен Германияға оқу сапарларын ұйымдастыруға жәрдемдесу
ХТО-2024 Еуразиялық төрелік апталығын талқылау: өрескел қателік және сот қатесі тақырыбында
ҚР КС, АХҚО соты және ХТО қызметін одан әрі Орталық Азияда ілгерілету
ҚР КС және АХҚО соты судьяларының кездесуін ұйымдастыру;
озық халықаралық тәжірибені енгізу мақсатында АХҚО сотын және ХТО органын Қазақстандағы құқықтық реформаларға қатысуға тарту
Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабына сәйкес АХҚО-да 2015 жылғы 7 желтоқсандағы «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын қабылдау арқылы қаржы саласында ерекше құқықтық режим белгіленген.