Қазақстан Конституциялық Сотына Корея Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының делегациясы келді.
Кездесуде олар қазақстандық конституциялық бақылау органының жұмыс тәжірибесімен танысты, атап айтқанда, талдау жұмысы, өтініштерді алдын ала қарау, медиаресурстармен өзара іс-қимыл жасау, конституциялық іс жүргізуді ұйымдастыру бөлімдерінің заңнамасы мен жұмыс тәжірибесін зерделеді.
Аппарат қызметкерлерімен кездесу барысында Корея Республикасынан келген әріптестер қазақстандық конституциялық сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігін құптап, азаматтардың конституциялық сотқа жүгіну құқығы олардың құқықтары мен бостандығын қорғау саясатының іргелі аспектісі болып табылатынын атап өтті.