Конституциялық Сот жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің мүшелері мемлекеттік наградаларға ие болды

Конституциялық Сот жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің мүшелері мемлекеттік наградаларға ие болды

Бүгін Конституциялық Соттың судьясы Роман Подопригора Алматы қаласындағы Каспий университетінде болып, салтанатты жағдайда Мемлекет басшысының атынан оқу орнының профессоры – Конституциялық Сот жанындағы ғылыми-консультативтік кеңестің мүшесі А.А. Караевқа «Ерен еңбегі үшін» медалін табыстады.

«Алипаша Агаханович ғылыми-консультативтік кеңестің мүшесі ретінде отандық конституциялық әділет жүйесін дамытуға күш салуды жалғастыруда», - деп атап өтті КС судьясы.

Сонымен қатар, Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 16 қазандағы №377 Жарлығымен Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін «Құрмет» орденімен КС жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің мүшесі Ш.В.Тілепина марапатталды.

Конституциялық Соттың және оның Аппаратының атынан марапатталған ғылыми қоғамдастық өкілдерін құттықтаймыз және Қазақстан Республикасында заңдылықты нығайту үшін одан әрі шығармашылық және кәсіби табыс тілейміз.