
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова Нидерланды Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған Елшісі Нико Схермерс мырзамен кездесті.
Кездесу барысында екі ел арасындағы құқықтық саладағы ынтымақтастық, конституциялық құқық саласындағы ғылыми-практикалық тәжірибе алмасу және конституциялық бақылау саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру мәселелері талқыланды.
Кездесу соңында қатысушылар Нидерланды және басқа серіктес елдердің заңгер-ғалымдары және институттарының қолдауымен Конституциялық Сот аппараты қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында Орталық Азия ғалымдары мен заңгерлерін шақыру арқылы ынтымақтастық, оның ішінде бірлескен жобалар, тренингтер және басқа да іс-шаралар өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.