
Конституциялық Сотта Республика күніне арналған салтанатты шара өтті. Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова шараға қатысушыларды құттықтау сөзінде Республика күні Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің нышаны болып табылатынын атап өтіп, барлығын келе жатқан мемлекеттік мерекемен құттықтады.
1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстанның алғашқы құқықтық құжатын – Республиканың мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияны қабылдады. Декларация Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздерін жариялады. Егеменді мемлекеттіліктің негізгі қағидаттары ретінде мыналар белгіленді: біртұтас мемлекет, аумақтың тұтастығы, бөлінбейтіндігі мен қол сұғылмаушылығы, қазақ халқының және Қазақстанның басқа да халықтарының өзіндік мәдениетін, дәстүрлерін, тілін жаңғырту және дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 16 қазандағы №377 Жарлығымен Мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды:
«Құрмет» орденімен – Конституциялық Соттың судьясы С.Ф. Ударцев, КС жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің мүшесі Ш.В. Тлепина;
«Ерен еңбегі үшін» медалімен – КС жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің мүшесі А.А. Караев, Конституциялық Сот Аппаратының өтініштерді қабылдау және бастапқы қарау бөлімінің меңгерушісі С.М. Нұрымбетова, Талдау, отырыстарды ұйымдастыру және хаттамалау бөлімінің талдаушысы Қ.Е. Исмағұлов марапатталды.
Конституциялық Соттың және оның Аппаратының атынан барлық марапатталғандарды құттықтаймыз, мемлекеттілікті нығайту және Қазақстан Республикасының өркендеуі үшін одан әрі шығармашылық және кәсіби табыс тілейміз.