Мықты адвокатура – құқықтық мемлекеттің тірегі

Мықты адвокатура – құқықтық мемлекеттің тірегі

2023 жылғы 6 қазанда Астанада қазақстандық адвокаттар қауымдастығының ұйымдастыруымен «Мықты адвокатура – құқықтық мемлекеттің тірегі» тақырыбында VII Халықаралық адвокаттар форумы өтті.

Оған қазақстандық адвокаттық қоғамдастықтың өкілдері ғана емес, мемлекеттік билік органдарының өкілдері де қатысты. Халықаралық спикерлер ретінде аймақтық адвокаттар қауымдастығының өкілдері - халықаралық адвокаттар қауымдастығы/IBA, американдық адвокаттар қауымдастығы/ABA, Азия-Тынық мұхиты аймағының заң қауымдастығы, сондай-ақ Әзірбайжан, Германия, Грузия, Түркия, Қырғызстан, Сингапур, Өзбекстан адвокаттар қауымдастығының өкілдері сөз сөйледі.

Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова форумға қатысушыларды құттықтау сөзінде өз клиенттерінің құқықтарын қорғау мен сот төрелігінің мүдделерін қорғау арқылы адвокаттар адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға жәрдемдесетінін атап өтті. Осыған байланысты, Азимова атап өткендей, заң мен қорғаушы алдында адалдықты, кәсіби этикаға адалдықты, кәсіби ар-намыс пен қадір-қасиетті сақтауды қамтитын мамандықтың тәуелсіздігін сақтау маңызды болып табылады деді.

Халықаралық форумға қатысушылар өз сөздерінде қорғаудың кәсіби деңгейін қамтамасыз етудің және адвокатураның тәуелсіздік қағидатын нығайту жөніндегі адвокаттардың күш-жігерін шоғырландырудың оң тәжірибесімен бөлісті.

2023 жылдың басынан бастап адвокаттар мен заң кеңесшілері Конституциялық Сотқа жүгінетін азаматтардың мүдделерін белсенді түрде білдіріп келе жатқанын атап өтеміз. Конституциялық Соттың заң нормалары мен басқа да нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін тексерген 32 іс жүргізудің 11-інде азаматтардың мүдделерін адвокаттар білдірген.