
Конституциялық Сот Аппаратының қызметкерлері «Жасыл Астана» экологиялық айлығы аясында сенбілікке қатысты.
У.Жәнібеков атындағы N11 мектеп-лицейінің аумағына 50-ден астам үйеңкі, қарағаш және алма ағашының көшеттері отырғызылды.
Бұл сенбілік мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетін, балалардың табиғатқа ұқыпты қарауын қалыптастыру, дамыту және білім беру саласын қолдауға бағытталған.
Жасыл желектерді отырғызу соңында мектеп әкімшілігі барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, табыс пен амандық тіледі.