Қай күнді әкімшілік істер бойынша сот шешімі шығарылған күн деп түсіну керек – Конституциялық Сот ӘРПК нормасына түсіндірме берді

Қай күнді әкімшілік істер бойынша сот шешімі шығарылған күн деп түсіну керек – Конституциялық Сот ӘРПК нормасына түсіндірме берді

Конституциялық Сот А.Ж. БаймурзинаныңӘкімшілікрәсімдік-процестіккодекстің 168-бабы төртіншібөлігібіріншіабзацыныңКонституцияғасәйкестігінтексерутуралыөтінішінқарады

Өтініштен Жамбыл облысыныңмамандандырылғанауданаралықәкімшіліксотының2023 жылғы 23 ақпандағышешіміменөтінішберушініңәкімшілікталапқоюынқанағаттандыруданбас тартылғанынтүсінугеболадыСоттыңшешімітүпкіліктінысанда ӘРПК-нің 151-бабының екіншібөлігіндебелгіленгенауызшаталқылауаяқталғанкүнненбастап он жұмыскүніішінде (2023 жылғы10 наурызда) дайынболған

Талапқоюшының да сот шешімішығарылғанкүнненбастап он жұмыскүніішіндеапелляциялықшағымберугеқұқығыболды (ӘРПК-нің 168-бабының төртіншібөлігі), түпкіліктінысанда сот шешімініңболмауынабайланыстышағымжасалмаған. Жамбыл облысыныңмамандандырылғанауданаралықәкімшіліксотының 2023 жылғы 20 наурыздағыұйғарымыменөтінішберушінің 2023 жылғы 14 наурыздағыапелляциялықшағымыапелляциялықшағымжасауғаберілетін он күндікмерзімдіөткізіпалуынажәне оны қалпынакелтірутуралыөтініштіңболмауынабайланыстықайтарылған

Өтінішсубъектісі ӘРПК-нің 168-бабы төртіншібөлігініңапелляциялықшағымдысоттыңшешімішығарылғанкүнненбастап он жұмыскүніішіндеберу мерзімінбелгілейтіннормалары ӘРПК-нің 151-бабының екіншібөлігіменөзарабайланыстыболғандықтанпроцескеқатысушыныңКонституцияның 13-бабының 2-тармағында бекітілгенөзқұқықтары мен бостандықтарының сот арқылықорғалуқұқығынбұзадыдепойлайды

Конституциялық Сот ӘРПК-нің көрсетілген ережесінің конституциялылығын тексеру қорытындысы бойынша мынаны атап өтті.

Негізгі Заңда бекітілген сот арқылы қорғалу құқығымен және сот төрелігі қағидаттарымен білікті заң көмегін алу құқығы (Конституцияның 13-бабының3-тармағы) тығыз байланысты, ол әрбір адам заңдық маңызы бар әрекеттер жасаған кезде оның білікті заңгерлердің кәсіби көмегін пайдалану мүмкіндігін көздейді.Мемлекет осы саладағы өз міндеттемелерін орындай отырып, жеке адамның көрсетілген құқығына кепілдік беру үшін де, білікті заң көмегін көрсететін тұлғалар қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін де тиісті жағдайлар жасау мақсатында нормативтік-құқықтық, ұйымдастырушылық және өзге де сипаттағы қажетті шараларды қабылдауға тиіс (Конституциялық Кеңестің 2021 жылғы 4 маусымдағы № 1 нормативтік қаулысы).

Өз құқықтарын қорғау, толыққанды білікті заң көмегін алу және көрсету, апелляциялық шағым мен өтінішхатты беру сатысында жүктелген өкілеттіктерді тиісінше орындау үшін талап қоюшының, жауапкердің, олардың өкілдерінің, прокурордың және өзге де мүдделі тұлғалардың қолында соттың шешімі онда жазылған дәлелдермен және негіздемелермен толық көлемде, сондай-ақ құжаттарды дайындау үшін қажетті уақыты болуға тиіс.

Халықаралық құқықтық актілерде адамның құқықтарымен бостандықтарының сот арқылы қорғалуының маңыздылығы басакөрсетіледі.

Мәселен, 1948 жылғы 10 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының (бұдан әрі – Декларация) 8-бабына сәйкес: «Әр адам, конституциямен немесе заңмен берілген негізгі құқықтары бұзылған жағдайда, құқығын құзыретті ұлттық сот арқылы тиімді түрде қалпына келтіруге құқылы.». Декларацияның10-бабында: «Әр адам, өзінің құқықтары мен міндеттерін анықтау үшін... ісі толық теңдік негізінде, әділеттік талаптарға сай, тәуелсіз және әділ сот арқылы ашық қаралуына құқығы бар.» деп бекітілген.

2005 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 1966 жылғы 16 желтоқсандағы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің (бұдан әрі – АСҚХП) 2-бабы3-тармағының a), b), c) тармақшаларында осы Пактiге қатысушы мемлекеттердің тиісті міндеттері бекітілген.

Көрсетілген халықаралық құқықтық актілерде мемлекеттің адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қажетті құқықтық құралдармен қорғауды және істі әділдіктің барлық талаптары сақтала отырып, тәуелсіз және бейтарап соттың қарауын қамтамасыз ету міндеті айқындалады.

Егер ӘРПК-де өзгеше тәртіп көзделмесе, әкімшілік сот ісін жүргізуде Азаматтық процестік кодекстің ережелері қолданылады (ӘРПК-нің 1-бабының үшінші бөлігі). ӘРПК-нің168-бабының бірінші бөлігіне сәйкес апелляциялық сатыдағы сотта апелляциялық шағым бойынша апелляциялық шағым жасау мен әкімшілік іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, АПК қағидаларында айқындалады.

Сонымен қатар Конституциялық Сот соттың шешімін түпкілікті нысанда дайындау мерзімдерін және апелляциялық шағым мен прокурордың апелляциялық өтінішхатын беру үшін белгіленген мерзімдерді айқындау бойынша ӘРПК баптарының сәйкес келмеуін анықтады.

ӘРПК-нің қолданыстағы нормалары адамға тиісінше жасалған апелляциялық шағымды беру арқылы өзінің сот арқылы қорғалу құқығын толыққанды іске асыруға мүмкіндік бермейді, ал кейде, егер шешім түпкілікті нысанда бір ай мерзімде дайындалса, оған мүмкіндік қалдырмайды. Бұлар адамның білікті заң көмегін алу құқығын және оны көрсететін субъектілердің міндеттерін, сондай-ақ Негізгі Заңда бекітілген прокуратураның конституциялық өкілеттігін (13-баптың3-тармағы, 83-баптың 1-тармағы) тиімді жүзеге асыруға кедергі келтіреді. Осылайша, апелляция мерзіміне қатысты ӘРПК-нің 168-бабы төртінші бөлігі азаматтардың, адвокаттардың, заң консультанттарының, сондай-ақ прокурордың құқықтарын негізсіз шектеу тәуекел туғызады, бұған жол беруге болмайды, оған қоса Конституцияның 83-бабының 1-тармағына сәйкес «прокуратура мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына заңда белгіленген шекте және нысандарда жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүддесiн бiлдiредi ...».

Конституциялық Сот шешімнің қарар бөлігін сот отырысы залында жария ету және төрағалық етушінің оны қабылдаудың құқықтық негіздері мен салдарын түсіндіруі әкімшілік процеске қатысушылардың қабылданған сот шешіміне шағым жасау үшін заңда көзделген құралдарды пайдалануы тұрғысынан жеткіліксіз болып табылады деп пайымдайды. Апелляциялық шағым жасау немесе прокурордың апелляциялық өтінішхатын енгізу мерзімі сот шешімі түпкілікті нысанда дайын болғаннан және алынғаннан кейін әкімшілік процеске қатысушылардың оның мазмұнымен танысу, барлық негізгі аспектілер бойынша өз ұстанымын айқындау, білікті заң көмегін алу (көрсету), шағымды жасау және әкімшілік істі қарауға қатысқан прокурордың да, Бас Прокурордың, оның орынбасарларының және сот отырысына қатысқан-қатыспағанына қарамастан апелляциялық өтінішхат келтіруге уәкілеттік берілген басқа прокурорлардың да прокурорлық ден қою шараларын қолдануы (ӘРПК-нің 168-бабының бесінші бөлігі) үшін ақылға қонымды мезрімі болатындай етіп белгіленуге тиіс.

Конституциялық Сот өзінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 21-НҚ нормативтік қаулысында Конституцияның 14-бабының 1-тармағында кепілдік берілген заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең деген қабылданатын заңдарда адамдардың құқықтарында объективті және ақылға қонымды негіздемесі жоқ айырмашылықтар белгіленбейді дегенді білдіретінін атап өтті. Осы қағидатты іске асыру материалдық және процестік нормалардың біртұтастығы негізінде қорғау тәсілдерінде, сондай-ақ бұзылған құқықтар мен бостандықтарды қалпына келтіруде тең болуды алдын ала айқындайды. Осы мағынада ӘРПК-нің168-бабының төртінші бөлігінде шешімнің шығарылу күнін апелляциялық сатыдағы сотқа жүгіну үшін мерзім өтуінің басталуы ретінде айқындау, әкімшілік істердің барлық басқа санаты бойынша мұндай мерзім шешім түпкілікті нысанда шығарылған күннен бастап есептелетіндіктен (ӘРПК-нің 168-бабының екінші бөлігі) осы конституциялық қағидатты бұзуға алып келуі мүмкін.

Конституциялық Сот өтінішті қарау қорытындысы бойынша Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 168-бабы төртінші бөлігінің бірінші абзацы 147 (екінші бөлігі), 151 және168 (екінші бөлігі)-баптарымен өзара байланыста Конституциялық Сот берген төмендегідей түсіндірмеде Конституцияға сәйкес келеді деп таныды

заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең конституциялық қағидатының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында осы нормада көрсетілген әкімшілік істердің санаттары бойынша апелляциялық шағым мен прокурордың апелляциялық өтінішхатын беру мерзімдерін есептеу кезінде барлық басқа әкімшілік істер бойынша белгіленгендей, сот шешімі түпкілікті нысанда шығарылған (дайындалған) күнді шешім шығарылған күн деп түсіну керек.

Нормативтік қаулының толық нұсқасымен сілтеме арқылы танысуға болады https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/532695?fbclid=PAAabnwmPeioJ42OF9jNP9MyTt34QTCOmhm6B6cJ0Y3HoqYyB5-vFrTk6kuC0_aem_AeuzICK5klpC2J3Idz-xk6CRXmla1oUEuBrv2WkPBrVaoS3mNvtxSqpneHhGIYOUmFs&lang=kk