
Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институтының 30 жылдығына арналған «Заң шығару және құқықтық ақпарат: жетістіктер мен перспективалар (заңнамалық және заңға тәуелді деңгейлердегі нормалардың аражігін ажырату)» тақырыбындағы халықаралық ғылыми- практикалық конференцияға қатысты.
Конференцияға Парламент депутаттары, ғалымдар, адвокаттар, заң консультанттары, нотариустар, тәуелсіз сарапшылар, мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстан, Моңғолия, Ресей, Оңтүстік Корея және Орталық Азия елдерінің университеттері мен ғылыми ұйымдарының өкілдері қатысты.
Өз сөзінде Эльвира Азимова норма шығару процесіне заңгер-ғалымдардың қатысуымен, сондай-ақ олардың әзірленіп жатқан заңдарды ғылыми құқықтық пысықтауымен қатар, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу де құқық үстемдігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Институт жұмысының аталған бағыттары заңнаманы өзектендіруге, адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін, сондай-ақ қазіргі заманғы сын-қатерлер мен міндеттерді ескере отырып, оның сапасы мен Конституцияға сәйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған.