Конституциялық Сот Қарағандыда: жоғары оқу орындарындағы қонақ дәрістері мен қоғам белсенділерімен диалог

Конституциялық Сот Қарағандыда: жоғары оқу орындарындағы қонақ дәрістері мен қоғам белсенділерімен диалог

Конституциялық Соттың судьялары Төраға Эльвира Азимованың бастауымен академиялық және құқық қорғаушы қоғамдастықпен кездесу мақсатында Қарағандыға келді.

Жұмыс сапары Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне және ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына барудан басталды. Онда КС судьялары Р.Подопригора, Е.Онғарбаев және А.Жатқанбаева оқушылар мен оқытушылар үшін қонақ дәрістерін өткізді.

КС Төрағасы ақпараттық-ағарту қызметін жүргізу жұмысына жастарды қатыстыра отырып конституциялық бақылау органына көрсеткен сенімі мен қолдауы үшін ЖОО басшылығына алғысын білдірді. Ол 2022 жылғы конституциялық реформаның нәтижесінде жаңартылған үлгіде құрылған Конституциялық Соттың қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

«Конституциялық Соттың негізгі міндеті Республиканың бүкіл аумағында Конституцияның үстемдігін, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың конституциялық кепілдіктерін қамтамасыз ету. Азаматтарға, Бас прокурорға және Адам құқықтары жөніндегі уәкілге осы органға жүгіну құқығын беру қайта құрылған конституциялық бақылау органының айрықша ерекшелігі», - деп атап өтті Азимова.

Ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ және Конституциялық Соттың арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум болды. Бұл құжат білім мен тәжірибе алмасудың, сондай-ақ құқықтану және құқық қорғаушы бағытындағы зерттеулер саласында бірлесіп жұмыс істеудің жаңа перспективаларын ашады.

Қарағандыға сапары барысында КС Төрағасы «Қарағанды облысының Азаматтық Альянсы» Қоғамдық Заң Орталығын, «Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро» қоғамдық бірлестігінің Қарағанды филиалын, сондай-ақ облыс кәсіпкерлерінің қауымдастығын және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын белсенді қолдайтын басқа да қоғамдық бірлестіктерді қоса алғанда, өңірдің үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен кездесті.

Азимова Конституциялық Сотқа 9 ай жұмысы ішінде азаматтардан 4 мыңнан астам өтініш келіп түскенін және 27 нормативтік қаулы қабылданғанын, оның 21-і азаматтардың өтініштеріне байланысты екенін атап өтті. Төраға Қарағанды облысы азаматтардың өтініштерінің саны бойынша көшбасшы аймақтардың бестігіне кіретінін атап өтті. Конституциялық Сотқа Қарағанды тұрғындарынан 300-ге жуық өтініш келіп түсті.