Астанадағы халықаралық конференция: нәтижелері мен басым бағыттары

Астанадағы халықаралық конференция: нәтижелері мен басым бағыттары

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты 7-8 қыркүйекте әлемнің 30-дан астам елінен, оның ішінде Еуропа, Азия және Африканың конституциялық соттарының судьяларын, адам құқықтары жөніндегі уәкілдерді және құқық қорғаушы мекемелерінің өкілдерін біріктірген «Конституциялық Сот төрелігі: баршаға қадір-қасиет, бостандық пен әділдік» атты халықаралық конференция өткізді.

Конституциялық Соттың 6 елден келген (Ангола, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Түркия және Өзбекстан) делегациясынан төрағалары қатысты.

Конференцияға қатысушылардың жалпы саны 120-ден асты.

Конференция Конституция күні, Конституциялық Соттың құрылуы және Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қабылданғанына 75 жыл толуына орай үш пошта маркаларын айналымға шығарудың салтанатты рәсімімен ашылды.

Сонымен қатар, Ангола мен Грузияның конституциялық бақылау органдарының төрағаларымен екі жақты кездесу өткізілді. Осы кездесулердің нәтижесінде конституциялық құқық саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсететін өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Конференцияның екінші күні Түркі әлемінің конституциялық юрисдикциялары конференциясының (TURK-AY) III отырысы өтті. Аталған конференцияға Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан елдері қатысты. Бұл отырыста өзара түсіністік туралы төрт Меморандумға қол қойылды. Бұл қатысушы елдердің түркі әлеміндегі конституциялық сот төрелігі саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ұмтылысын көрсетеді.

Осы уақыт аралығында екі workshop өткізілді. Бірінші workshop «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) базасында өткізіліп, оған Венецияндық комиссияның сарапшыларын, мемлекеттік органдардың өкілдерін, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттерін қоса алғанда, 100-ден астам қатысушы қатысты. Келесі workshop Конституциялық Сот ғимаратында шет елдер мен Орталық Азияның конституциялық бақылау органдары судьяларының қатысуымен өтті.

Екі workshop конференцияны маңызды мазмұнмен толықтырды һәм кәсіби байланыстар желісін нығайтуға және іс-шараның сәтті өтуіне үлес қосқан қатысушылар арасында білім алмасуға ықпал етті.

Қазақстанның Конституциялық Соты өткізген халықаралық конференциядан қатысушылар оң әсер алғанымен бөлісті және бірнеше негізгі аспектілерді атап өтті.

Конституциялық бақылау органдарының барлығы-дерлік дәстүрлі түрдегі консервативтік ұйым ретінде қабылданатынын атап өткен жөн. Алайда, небәрі 8 ай жұмыс істеп бастаған Қазақстанның жаңадан құрылған және жаңартылған Конституциялық Соты әлемге мүлдем басқа жұмыс әдістерін көрсетті. Бұл барлық мүдделі тараптармен: адам құқықтары жөніндегі уәкіл институттарымен, ғылыми қауымдастықпен, түрлі сарапшылармен, мемлекеттік органдармен және ең алдымен қоғаммен адам құқықтарын ілгерілетудегі шынайы серіктестік орнатудың маңыздлығын көрсетті. Конференцияда айқын көрсетілген бұл тәсіл конституциялық әділеттіліктің барлығына ашық және қол жетімді болатынына айқын мысал болды.

Конференция пікір алмасу және озық идеялар платформасын ұсына отырып, мықты заңгерлерді жинады. Бұл білім мен тәжірибе алмасу, әрине, конституциялық соттардың жұмысын жетілдіруге және конституциялық бақылау органдары аппараты қызметкерлерінің кәсібилігін дамытуға ықпал етеді.

Шетелдік қонақтардың Қазақстан туралы көбірек білуге мүмкіндігі болғаны ерекше маңызды. Конференция әлемдік қоғамдастыққа адам құқықтары қорғалған және конституциялық сот төрелігінің ашық және заманауи жүйесі жұмыс істейтін елдегі қолайлы орта туралы ақпаратты жеткізуге ықпал етті. Бұл Қазақстанның қазіргі және демократиялық мемлекет ретінде одан әрі дамуы үшін маңызды халықаралық байланыстарды нығайтуға және сенім қалыптастыруға септігін тигізеді.