Ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендердің жеңілдіктер алу тәртібінің конституциялығы: КС даудың тараптарын тыңдады

Ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендердің жеңілдіктер алу тәртібінің конституциялығы: КС даудың тараптарын тыңдады

Конституциялық Сот «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заң ережесінің конституциялылығы туралы іс бойынша конституциялық іс жүргізуге қатысушыларды тыңдады.

Іс жүргізу азаматтың өтініші бойынша қозғалды. Ол аталған Заңның 13-бабына сәйкес әлеуметтік жеңілдіктер радиациялық қауіп-қатер аумағында тұратын адамдар үшін ғана қарастырылғанына дау айтты. Өтініш авторының пікірінше, бұл норма Конституциядағы теңдік туралы нормаларды бұзады және радиациялық тәуекел аймақтарынан тыс жерлерге шыққан азаматтарды кемсітеді.

Отырыс барысында КС судьялары өтініш берушінің, Бас прокуратура, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, экология және табиғи ресурстар, энергетика және әділет министрліктерінің, сондай-ақ Энергетика министрлігінің Ұлттық ядролық орталығы мен «Семей медицина университеті» КЕАҚ радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институтының өкілдерінің ұстанымдарын тыңдады.

Конституциялық Соттың қорытынды шешімі Конституциялық Заңның 65-бабына сәйкес жарияланатын болады.